Елена Рыбакина Дубайда екінші жеңісіне қол жеткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің топтық бәсекесінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елена Рыбакина германиялық Александр Зверевпен бірге аралас сында канадалық Феликс Оже-Альяссим – үндістандық Саня Мирзамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-германиялық жұп 7:5, 3:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында олар 8 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді.

«Қаршығалар» тобында өнер көрсетіп жатқан Е.Рыбакина 23 желтоқсанда әлемнің 4-ракеткасы, франциялық Каролин Гарсиямен ойнайды.

Елена бастапқы кездесуінде әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтқан еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық Еуропадағы үздік жас теннисші атанды.


Соңғы жаңалықтар