Елена Рыбакина Цинциннатиде өткен турнирдің үшінші айналымына өтті

None
Фото: sports.kz
ЦИНЦИННАТИ. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Цинциннатидегі (АҚШ) турнирде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Рыбакина ойынды екінші айналымнан бастап, турнирдің осы кезеңінде латвиялық Елена Остапенкомен (WTA рейтингінде 20-шы) кездесті. Матч Қазақстан теннисшісінің жеңісімен аяқталды – 6:7, 6:2, 6:4.

Осылайша, Елена Рыбакина жарыстың үшінші айналымына өтті.

Елена Остапенко – 2017 жылғы «Ролан Гаррос» чемпионы. Остапенко бұған дейінгі Рыбакинамен өткен матчында қазақстандық спортшыны кортта балағаттаған еді.


Соңғы жаңалықтар