Елена Рыбакина бір жылда 370 эйс жасап, әлемде екінші болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина биылғы WTA жарыстарында 57 матчта 370 эйс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, бірінші орынға 63 матчтағы 394 эйспен WTA қорытынды турнирінің чемпионы, франциялық Каролин Гарсия көтерілді.

Екінші сатыға Е.Рыбакина жайғасса, ресейлік Вероника Кудерметова (59 матч, 265 эйс) үздік үштікке ілікті.

2020 жылы Е.Рыбакина 193 эйспен әйелдер теннисі қауымдастығында (WTA) озық шыққан еді.

Ерлер арасында АТР қорытындысы бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик алтыншы орынға табан тіреді. Ол 55 бәсекеде 715 эйске қол жеткізді. Өткен жылы қазақстандық теннисші бұл жөнінен алдына жан салмаған еді (62 матч, 840 эйс).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның «Жыл ойыншысы» атағына үміткер екендігін, қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орындары анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Жапониядағы турнирді жеңіспен бастады.


Соңғы жаңалықтар