Елена Рыбакина айдың үздік теннисшісі атануы мүмкін спортшылардың тізімінде тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Танымал Relevant Tennis Twitter-аккаунты өзінің жазылушыларына қаңтар айының қорытындысы бойынша үздік теннисшіні таңдауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тізімде беларусь өкілі Арина Соболенко мен Виктория Азаренко, қазақстандық Елена Рыбакина, польшалық спортшы Магда Линнет, америкалық Джессика Пегула, швейцариялық Белинда Бенчич пен қытайлық Чжу Линь бар.

Елена Рыбакинаның басты жетістігі ол қаңтарда Australian Open жарысының финалына дейін жетті. Ол Арина Соболенкоға 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жол берді. Елена Үлкен дулыға турниріндегі өткен жылғы Уимблдондағы жеңісінен кейінгі екінші рет финалға шығып отыр.

Қазақстандық теннисші енді 6-12 ақпана аралығында БАӘ өтетін турнирге қатысады. Бұл жарыста Елена үздіктердің қатарында тұр.


Соңғы жаңалықтар