Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші 5090 ұпай жинап, WTA рейтингісінде 6-дан 4-сатыға көтерілді.

Елена төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) да басып озды.

Рим мастерс турнирінде жеңіске жеткені үшін Е.Рыбакина 1 мың рейтингілік ұпайға қоса 521 754 еуро табыс тапты.

Финалдан кейін қазақстандық теннисші қарсыласы Ангелина Калининаны досым деп атап, жарақатынан тезірек сауығып, Ролан Гаррос жарысында табысты өнер көрсетуіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар барлық жанкүйерлерге алғысын айтып, жаңбырға байланысты жиі-жиі кейінге қалдырылған ойындардың оңай болмағанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алғаш рет Рим мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің чемпионы атанды.


Соңғы жаңалықтар