Елена Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы атанды

None
Фото: championat.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шыққаннан кейін әлемдік рейтингте рекордтық нәтижеге қол жеткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

WTA Live рейтингісінде қазірдің өзінде Е.Рыбакина 10-орыннан 8-сатыға көтерілді.

Қазақстандық теннисші өзінің алдында тұрған швейцариялық Белинда Бенчич пен грекиялық Мария Саккариді басып озды.

М.Саккари Индиан-Уэллс жарысының жартылай финалында белоруссиялық Арина Соболенкодан жеңіліп қалған болатын.

Өткен жылғы додада финалға дейін жеткен М.Саккари осылайша ұпайларын жоғалтты.

Егер Елена Рыбакина жексенбі күні финалда А.Соболенконы ұтса, онда рейтингте 7-орынға шығады. Қай саты да Е.Рыбакина үшін рекордтық көрсеткіш болмақ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемнің 1-ракеткасын ұтқан Елена Рыбакинаның алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті.

Елена Рыбакина ойнайтын Индиан Уэллс турнирінің финалы тарихта қалады.


Соңғы жаңалықтар