Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде ТОП-5 теннисшінің қатарына енді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік 5 теннисшінің қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде Е.Рыбакина 6-дан 5-інші орынға көтеріледі.

Бұл Қазақстан теннисі тарихындағы рекордтық көрсеткіш болмақ.

Қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде қазақстандық теннисші америкалық Кори Гауфты басып озды. К.Гауфф Рим мастерс турнирінде үшінші айналымнан аса алмаған еді. Сол себепті ол ұпайларын жоғалтып, алтыншы сатыға сырғиды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилина жұптық сында Рим мастерс турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты.

Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турниріне қатысады.


Соңғы жаңалықтар