Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 25-орынға сырғыды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 22-ден 25-орынға сырғыды.

Юлия Путинцева 41-ден 42-сатыға төмендеді.

Дүниежүзілік рейтингте бұрынғыша Польша өкілі Ига Свентек көш бастаса, тунистік Онс Жабер екінші орында. Испаниялық Паула Бадоса үздік үштікке ілікті.

Жұптық рейтингіде Анна Данилина 20-дан 21-орынға төмендесе, Е.Рыбакина 100-ден 99-ға жайғасты.

Мұнда бұрынғыша чехиялықтар Катерина Синякова, Барбора Крейчикова және бельгиялық Элизе Мертенс алдыңғы лекте келеді.

Елена Рыбакиан осы аптада Таллин WTA 250 турнирінде ойнауы тиіс еді. Ол алғашқы айналымда германиялық Лаура Зигемундпен кездесуі тиіс болатын. Алайда Е.Рыбакина жарақатына байланысты жарысқа қатысудан бас тартты. Оның орнына швейцариялық Хиль Тайхман шақырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Франциядағы турнирдің финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.


Фото: ktf.kz



Соңғы жаңалықтар