Электросамокат мінген адамның жолда жүру тәртібі айқындалады

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде электросамокатпен қатынайтын адамның жолда жүру тәртібі айқындалады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 шілдеде электр самокаттарының техникалық сипаттамасын белгілейтін ұлттық стандарт күшіне енді. Осы стандарттың талаптарын ескере отырып, электросамокатты басқаратын адамның құқықтық мәртебесі мәселесін қарастырамыз. Сондай-ақ олардың жолда жүру тәртібін анықтаймыз», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, бұл түзетулер «өрескел» құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік ықпал етудің тиімді іс-шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

«Менің ойымша, бұл түзетулер сонымен қатар елдегі апат жағдайына оң әсер етеді», - деді Жандос Мұратәлиев.


Соңғы жаңалықтар