«Электрондық үкіметті» дамыту арнайы заңмен реттеледі

None
None
ашаның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Еліміздегі «электрондық үкіметті» дамыту арнайы заң арқылы жүзеге асады. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында осы мақсаттағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Электрондық үкіметті» дәйектілікпен қалыптастыру мақсатында Үкіметтің қаулысымен «Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Аталған бағдарламаға сәйкес «электрондық үкіметті» дамытуды нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру оны одан әрі қалыптастырудың бірінші кезектегі бағыттарының бірі ретінде көрсетілген.

«Заң жобасының мақсаты халық пен бизнеске «электрондық үкіметтің» қызметтерін ұсынуды реттейтін құқықтық нормалар бекіту жолымен осы саланы одан әрі дамыту болып табылады. Бұл бағыттағы құжаттың басты қағидаттары мемлекеттік басқару рәсімдерінің сапасын және тиімділігін арттыру, халық пен бизнеске арналған мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру болып отыр. Бұдан басқа, заң жобасымен мемлекеттік қызметтердің мөлдірлігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың ақпараттарды өңдеудегі қайталануды болдырмау шаралары қарастырылады. Ұсынылған нормалардың заңнамалық бекітілуі әлемдік тәжірибеде қолданылып келеді. Мысалы, «Электрондық қызмет туралы» заңды Финляндия - 2001 жылы, АҚШ- 2002 жылы, Оңтүстік Корея - 2003 жылы    алғашқылардың бірі болып қабылдаған болатын. Заң жобасының негізгі ережесі мемлекеттік қызмет ұсыну тетігін заң жүзінде бекіту болып табылады», деді Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Дүрмағамбетов.

 Оның айтуынша, құжат қазақстандық «электрондық үкімет» жүйесін дамытуға ықпал ететін болады. Атап айтқанда, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерінде мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру қарастырылады.  Сонымен бірге, осы саланың  ашықтығын қамтамасыз ету, өтініштерді қарау мерзімін қысқарту, тұтынушылардың және қызметшілердің жүктемесін азайту да болжанады. Ақпараттандырудың дамуына байланысты жаңа сала үшін ұғымдық аппаратты жетілдірілу де көзделуде.

Заң жобасы палатаның жалпы отырысына шығарылатын болды.

Соңғы жаңалықтар