Электрондық стандарт кітапханасында 9 мыңнан астам ұлттық, 27 мыңдай мемлекетаралық стандарт бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Электрондық стандарттар кітапханасында 9 мыңнан астам ұлттық стандарт және 27 мыңға жуық мемлекетаралық стандарттың мәтінін қарауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebok -тегі парақшасында еліміздегі стандарттау процестерді дамыту жайындағы жазбасында атап өтті.

Министр дағдарыс жаңа процестерді дамыту және тиімсіз шараларды қайта қарау үшін триггер болатыны туралы атап өтті. Ол таяуда жақында цифрландыру, аккредиттеудегі жұмыстың жаңа форматтары туралы айтқанын жеткізді.

«Бүгінгі әңгіме стандарттау туралы. ​Алдыңғы қатарлы халықаралық құжаттар негізінде жыл сайын шамамен 1 мыңға жуық мемлекеттік және мемлекетаралық стандарт әзірленеді. Кәсіпорындар осыларды пайдалану арқылы жоғары сапалы өнім беруге мүмкіндік алады. Сапасы неғұрлым жоғары болған сайын кәсіпорынның және оның тауарларының бәсекеге қабілеттілігі ішкі нарықта да, жаһандық нарықта да соғұрлым жоғары болатыны баршаңызға мәлім», - деді Бақыт Сұлтанов.

​Оның пікірінше, стандарттау жөніндегі ұлттық органға стандарттарды әзірлеуге өтінімді барлық мүдделі тараптар – бизнестің өзі, мемлекеттік органдар, академиялық орталар және техникалық комитеттер бере алады. Техникалық комитеттердің өзі іс жүзінде алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу бойынша тар бейінді техникалық сарапшылар.

«Алайда стандарттардың қор сөресінде тұрып қалу жағдайлары кездесетіндіктен, стандарттарды әзірлеуді жоспарлау және қаржыландыру процестерін қайта қарау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді бүкіл жерге енгізу қажет деп санаймын. Біз міндетті түрде динамиканы сақтауымыз және стандарттаудың әлеуетті резервтерін стандарттарды әлде де сұрыптап әзірлеу арқылы арттыруымыз керек.

​Біріншіден, мен стандарттарды әзірлеу процесін жоспарлау саланың терең маркетингіне негізделуге тиіс деп есептеймін. Өндірушіден келіп түскен өтінімді қарай отырып, Стандарттау жөніндегі ұлттық орган бизнестің осы стандартты қолдану әлеуетін, жалпы сапаны арттыруды, экспортты жылжытуды және сауданы дамытуды ескеруге тиіс», деді Бақыт Сұлтанов.

Оның ойынша, екіншіден, әзірлемені тікелей қаржыландырудан шығындарды субсидиялау форматына өте отырып, стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру схемасын өзгерту тиімдірек болады. Бұл ретте стандарттың сұраныста болуы негізгі шешуші шарт болуға тиіс.

«​Қорытындыласақ, маңызды бағыт – цифрландыру. Өткен жылы Стандарттау жөніндегі ұлттық орган «Е-жоспарлау» автоматтандырылған модулін әзірледі, бұл стандарттарды әзірлеуге берілген онлайн өтінім-ұсыныстарды жинауға, өңдеуге және іріктеуге мүмкіндік береді.

​Бұл жұмыс стандарттарды цифрландыру және әртүрлі мемлекеттік жүйелермен, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу жүйелерімен интеграциялау бағытында жалғасып келеді», - деді министр.

​Ол соңында стандарттардың экономиканың барлық салаларында, шағын бизнестен ірі бизнеске дейін, қызмет көрсету саласынан жоғары технологиялық өндірістерге дейін қолданылатына қол жеткізуге болатынын аап өтті.

Соынмен қатар, ө​ндірушілер мен барлық ниет білдірушілердің назарына мына ақпаратты ұсынды.

«Сәуір айынан бастап Стандарттау жөніндегі ұлттық органда электрондық стандарттар кітапханасы іске қосылды. Электрондық оқу залы 9 мыңнан астам ұлттық стандарттың (ҚР СТ) және 27 мыңға жуық мемлекетаралық стандарттың (ГОСТ) мәтіндерін қарауға мүмкіндік береді», - деді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар