«Электрондық мемлекеттік сатып алу» жүйесінің жұмысы нәтижесінде 10 млрд теңге көлемінде бюджеттік қаражат үнемделді

None
None
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат/Айнұр Кенебаева/ - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің тиімді жұмысы нәтижесінде 10 млрд теңге көлемінде бюджеттік қаражат үнемделген.

Бұл туралы бүгін «Электрондық коммерция орталығы» мамандарының ұйымдастыруымен өткен журналистерге арналған семинарда орталыққа қарасты порталдық шешімдерді техникалық қолдау қызметінің кеңесшісі Диляра Байқанова мәлім етті.

Диляра Байқанованың сөзіне сәйкес, электрондық мемлекеттік сатып алудың басты артықшылығының бірі - бюджеттік қаражаттың үнемделуі.

Электрондық кеңістіктің үш жылдық жұмыс қорытындысы бойынша тіркелеген баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу көрсеткішіне сәйкес жалпы алғанда 48 млрд теңге үнемделді.

«Электрондық коммерция орталығының» кеңесші-маманы мәлім еткендей, 2011 жылдың екінші жартысынан бастап электрондық конкурстар ҚР аумағында толыққанды жұмыс істей бастамақ, сонымен қатар ілкі режимдегі электрондық аукциондар да іске қосылмақ.

Соңғы жаңалықтар