+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесіне кибершабуылдың жолы кесілді - ҚР ҰҚК

2021 жылғы 13 қаңтар 12:45
Бөлісіңіз:
Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесіне кибершабуылдың жолы кесілді - ҚР ҰҚК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы мамырда «goszakup.gov.kz» мемлекеттік Интернет-ресурсының жұмысын уақытша тоқтатқан «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесіне (Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының аса маңызды объектісі болып табылады) үйлестірілген кибершабуыл (DDos типті) фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада тіркелген қылмыстардың саны 30 пайызға қысқарды Есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушы тасымалдаған - СҚО Түркістан облысында алаяқтық жасап 80 млн теңге алған әйел ұсталды

Көрсетілген кибершабуыл салдарынан жалпы сомасы 164 млрд теңгеге 7901 мемлекеттік сатып алу ауыстырылды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, оның ішінде «ЭҚО» АҚ (электрондық қаржы орталығы) жәрдем көрсетуімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде кейіннен артықшылықтар алу мақсатында мемлекеттік Интернет-ресурсқа кибершабуыл жасаған ҚР азаматы анықталды.

Тергеп-тексеру және жүргізілген компьютерлік-техникалық сараптама нәтижелері бойынша адамның кінәсі толық дәлелденді, қылмыс жасау құралдары алынды.

2020 жылғы 22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен сотталушы ҚР ҚК 207-бабының 2-бөлігі 1-тармағы «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу» бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айырумен 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жазаланды.

Үкім заңды күшіне енді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT