+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Электрондық еңбек биржасында біліктілікке қарайтын 165 мың бос жұмыс орны тұр

2021 жылғы 13 қаңтар 21:18
Бөлісіңіз:
Электрондық еңбек биржасында біліктілікке қарайтын 165 мың бос жұмыс орны тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның (ЕРДО) деректері бойынша 2020 жылдың VI тоқсанында Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) біліктілікті талап ететін 165,6 мың бос жұмыс орны және 74,5 мың резюме орналастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да былтыр 543 адам кәсіпорындардағы оқу орталықтарында қайта даярлықтан өтті Жұмыспен қамтудың жол картасы: Қарағанды облысында биыл 19 ірі жоба іске асырылады

Сонымен қатар, 4-тоқсан бойынша ең көп бос жұмыс орындары қазан айында – 68,2 мың бос жұмыс орны (41%) және 33 мың резюме (44%) орналастырылды. Жалпы, жыл соңына қарай жалдау және жұмыс іздеу бойынша хабарландыруларды орналастыру үрдісі төмендегені байқалады. Осылайша,

4-тоқсанда бос жұмыс орындарының жалпы саны 3-тоқсанмен салыстырғанда 6,3%-ға, ал резюмелер саны 37%-ға азайды.

«2020 жылғы 4-тоқсанда білікті қызметкерлер үшін бос жұмыс орындарының саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс берушілердің ең көп ұсынысы келіп түсті: тиісінше 18,3 мың және 18 мың. Қарағанды облысында – 17,4 мың», – деді ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

VI тоқсанда орналастырылған резюменің ең көп саны батыс өңірлеріне: Атырау (6,2 мың) және Маңғыстау облыстарына (6 мың) тиесілі болды.

Кәсіптік топтар бөлінісінде жұмыс берушілерде өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас кәсіптер жұмысшыларының топтары сұранысқа ие болды; мамандар-кәсіпқойлар; сондай-ақ өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілер – әрбір санат үшін ЭЕБ-да 34 мыңнан астам бос жұмыс орны.

ЕРДО-ның деректеріне сәйкес VI тоқсанда резюме мен бос жұмыс орындарының арақатынасы бойынша тапшы мамандықтар қатарына қазандық операторлары (3,4 мың бос жұмыс орны), күзетшілер (3,1 мың), тігіншілер (2,3 мың), қазандық машинистері (от жағушылар) (2,2 мың), сатушылар-кассирлер (2,2 мың) кірді. Резюме мен бос жұмыс орындарының арақатынасы бойынша артық кәсіптердің тізімін заңгерлер бастап тұр.

«Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында заңгерлер артық. Бұл ретте Атырау және Маңғыстау облыстарында автокөлік жүргізушілерінің, Ал Қостанай облысында мал өсірушілерінің көп екені байқалады», – деп қорытындылады сарапшы.

Өз кезегінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында қазандық операторлары мен қазандық машинистері (от жағушылар) жетіспейді, бұл жұмыс маусымдылығымен байланысты болуы мүмкін. Ақмола облысында ауыл шаруашылығының инженер-механизаторлары, Алматы облысында – әлеуметтік қызметкерлер мен фельдшерлер, Қарағанды облысында – шошқа өсіру кешендері мен механикаландырылған фермалардың күзетшілері мен операторлары, Қостанай облысында – автомобиль жүргізушілері, Қызылорда облысында – сатушылар-кассирлер, Маңғыстау облысында – диспетчерлер-операторлар, Павлодар облысында – есепке алу техниктері, ал Шығыс Қазақстан облысында – электргазбен дәнекерлеушілер тапшы. Елордада жүргізушілер, бетоншылар мен күзетшілер, Алматыда – офис-менеджерлер мен кассирлер, ал Шымкентте-тігіншілер тапшылығы байқалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT