Электронды үкімет порталы уақытша жұмыс істемейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9-10 наурыз күндері «Электрондық үкімет» порталы мен өзге де бірқатар интернет-ресурстар қызметі уақытша тоқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық технологиялар орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2019 жылдың 9 наурыз күні сағат 21:00-ден бастап 10 наурыз сағат 13:00-ге дейін Мемлекеттік органдардың Серверлік орталығында орналасқан телекоммуникация және серверлік жабдықта жоспарлаған жұмыс жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты бірқатар интернет-ресурстар - «Электрондық үкімет» порталы, Мобильді Office Үкіметі, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры және «Бірыңғай нотариат» ақпараттық жүйесі уақытша жұмыс істемейді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар