Электронды үкімет: Қазақстан мемқызметтің қолжетімділігі рейтингінде 29-шы орында

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ рейтингінде 2020 жылы Қазақстанда электронды үкімет деңгейі 10 позицияға жақсарған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Елдар Үйсімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басты жұмыстарының бірі – мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру. Бүгінгі таңда цифрландыру ел өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Цифрландыру сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсету саласына да оң әсерін тигізді. Қазірге дейін елде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электронды форматқа ауыстырылған. Осының арқасында мемлекеттік қызметті көрсету процедурасындағы заңсыздық үш есе азайды. Жұмысымыздың жемісін мынадан көреміз: БҰҰ рейтингінде 2020 жылы Қазақстанда электронды үкімет деңгейі 10 позицияға жақсарған. Қазіргі уақытта Қазақстан 193 мемлекет бар рейтингте 29-шы орында тұр», - деді Елдар Үйсімбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, көпшілік пайдаланбай жатқан мемлекеттік қызметтердің түрлері де бар.

«Әйтсе де электронды үкімет порталында қолжетімсіз мемлекеттік қызметтің 54 түрі бар болып шықты. «Жұмыс істемей» тұрған мемлекеттік қызметтің көбі Сыртқы істер министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ішкі істер, Мәдениет және спорт, Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрлігіне тиесілі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар