+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Электронды үкімет: Цифрлық құжаттарды ұялы байланыс операторының кеңсесінде қолдануға болады

2021 жылғы 22 қазан 20:27
Бөлісіңіз:
Электронды үкімет: Цифрлық құжаттарды ұялы байланыс операторының кеңсесінде қолдануға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық құжаттарды ұялы байланыс операторларының кеңселерінде қолдануға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдеуінше, EGov mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» қызметінің арқасында байланыс операторларының клиенттері қызметтерді алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынбауына болады.

«Бүгінгі таңда құжаттың түпнұсқасын ұсына алмайтындарға арналған қызмет Beeline ұялы байланыс операторының қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді. Бұл үшін клиенттің смартфонында электронды үкіметтің қосымшасы eGov mobile болуы керек», делінген хабарламада.

Министрліктің түсіндіруінше, цифрлық құжаттарды қолдану үшін eGov мобильді қосымшасын жүктеп алып, ашу қажет. Содан кейін, қызметтер қойындысында «Цифрлық құжаттар» бөлімін таңдап, авторизациядан өту керек. Қосымшаға биометрия немесе бір реттік SMS құпия сөзі арқылы қосылуға болады. Авторизациядан кейін ашылған терезеде жеке куәлікті таңдап, «рұқсатты ашу» батырмасын басу керек

Процедураны орындау үшін Beeline ұялы байланыс операторының менеджері QR кодын сканерлейді және биометриялық деректер арқылы клиенттің жеке басын куәландырады.

«Мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі ыңғайлылық, қауіпсіздік және тиімділік бүгінде біздің басымдылық болып табылады. Бұған дейін кейбір қалалардың банктері мен әуежайлары цифрлық құжаттарды қабылдай бастады, бүгінде бұл функция бір ұялы байланыс операторында қолжетімді, алайда министрлік барлық қауіпсіздік параметрлеріне сәйкес келетін ірі компаниялар мен ұялы байланыс операторлары үшін ашық», - деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Қазіргі уақытта цифрлық құжаттар қызметінде 18 құжат тіркелген, олардың ішінде ең танымалдары: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, екпе төлқұжаты, ПТР сынағы және туу туралы куәлік.

Бұған дейін қазақстандықтар цифрлық құжаттарды әуежай, теміржол вокзалындағы вагондарда, банк пен нотариус қызметтеріне жүгінген кезінде пайдалануға мүмкіндік алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT