+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Электронды темекі зиянсыз ба - маман жауабы

2019 жылғы 11 қыркүйек 21:06
Бөлісіңіз:
Электронды  темекі зиянсыз ба - маман жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Электронды темекінің зияны қарапайым темекімен бірдей. Бұл жайында Астанада медицина университетінің ректоры, «Қазақстандық медициналық кеңес» Медициналық білім және ғылым ұйымдары қауымдастығының президенті Дайнюс Павалькис айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұшақ бортында шылым шеккендерге 126 мың теңге айыппұл салынады

«Электронды темекінің зияны қарапайым темекімен бірдей. Е-темекілерге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) мүше 195 мемлекеттің 30-ында тыйым салынған. Ал 65 мемлекет оны реттеу бойынша заңнамалық шаралар енгізген. ДДҰ соңғы зерттеулеріне сәйкес, олардың құрамында формальдегид, ацетальдегид сияқты уытты толтырғыштар бар. Өкінішке орай, жаңа девайстарға қатысты зерттеу жүргізу үшін көп уақыт пен ресурстар қажет. Өйткені, қазіргі заманда темекі өнеркәсібі бір орында тұрмайды және жастарды жаңылыстыратын көптеген түрлі маркетингтік жаңалықтарды енгізуде. Бірақ олардың «төмендетілген» зияндылығы осы уақытқа дейін әлі расталған жоқ«, - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда электронды темекіге қарсы шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі »Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы« жаңа кодекс жобасын әзірлеген. Аталған жобада электронды темекіге де қарапайым темекіге қойылатын талап сияқты дүкендерде жайып сатуға тыйым көзделген. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсысынына толықтай сай келеді.

»ДДҰ электронды темекілерге басқа темекі өнімдеріне қойылатындай реттеу шараларын қабылдау бойынша ұсыныстар береді«, - деді Дайнюс Павалькис.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT