Электронды темекі мен қорқор шегетіндерге шығындалуға тура келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алдағы уақытта электронды темекіге салық салынады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандабек Бекшиннің айтуынша, қазіргі кезде кәдімгі темекіге салық салынады. Ал электронды сигареттерге қатысты ешқандай акциз жоқ.

«Сонда қалай? Электроды темекінің құрамында никотин болса да, оған салық салынбайды. Бұл - қисынсыз жағдай. Қазір электронды темекі шегетіндердің саны артып келеді. Сол себепті біз қауіпті темекі өнімдеріне акциз енгізу қажет теп санаймыз», - деді Ж.Бекшин Астанада өткен кездесуде.

Оның айтуынша, бүгінде «электронды сигареттер адам денсаулығына зиян келтірмейді» деген түсінік бар. Алайда ондай пікір шындыққа жанаспайды. «Мен анық білемін, темекіні қыздыру арқылы қолдану, сосын электронды сигареттер денсаулыққа зиянды. Себебі оның құрамында арнайы сұйықтық бар. Іші толған никотин. Ресейде ондай құралдарға акциз бар. Ал бізде әлі жоқ», - деп атап көрсетті Ж.Бекшин.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша электронды темекінің акциздері екі жылдан кейін енгізіледі. «2020 жылдан бастап салық енгізіледі. Негізі, электронды сигареттерде темекі жоқ. Ол жерде арнайы сұйықтық қолданылады. Дәл сол xимиялық сұйықтыққа қатысты акциз енгізіледі», - дейді комитеттің басқарма басшысы Дамир Нұрғалиев.

Жоспар бойынша екі жылдан кейін қорқор сияқты құралдарда қолданылатын темекінің бір келісі 7 345 теңгеге дейін қымбаттайды. Ал электронды сигареттерде болатын сұйықтықтың бір миллилитрі үшін 5 теңге төлеуге тура келеді.

Айта кетейік, бүгін «Атамекен» ҰКП-да ЕАЭО коллегиясының мүшесі Тимур Жақсылықов отандық бизнесмендермен кездесіп, маңызды кеңес берді.  Ал «Атамекен» палатасының басшысы Абылай Мырзаxметов Ресей жеріндегі әкімшілік кедергілерге тоқталды.

Соңғы жаңалықтар