Электронды тауар саудасы туралы мәліметтерді уәкілетті органға беру тәртібі бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі екінші деңгейлі банктер мен ұйымдардың уәкілетті органға шетелдік компанияларға онлайн тәсілмен жасалған аударымдар мен төлемдердің сомасы туралы дерек беруін реттейтін ережені бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ереже бойынша банктер мен ұйымдар Мемлекеттік кірістер комитетіне шетелдік компаниялардың пайдасына электронды сауда-саттық жүргізетін немесе электронды қызмет көрсетуші интернет алаңдар арқылы жасалған аударымдар мен төлемдердің күнтізбелік жыл көлеміндегі қорытынды сомасы туралы ақпаратты есептік жылдан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей беру қажет.

Берілетін ақпарат уәкілетті органға электронды тасығышта Microsoft Excel форматында, қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы керек.

Бұйрық 2022 жылдың 30 сәуірінде күшіне енеді.

Ресми сатистика бойынша, 2021 жылы B2C (бизнестен тұтынушыға) электронды сауда нарығының көлемі 1 286,8 млрд теңгеге жеткен.


Соңғы жаңалықтар