Электронды сауда мемлекеттің фискалды функциясын қалай өзгертеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болашақта электронды сауда-саттық мемлекеттің фискалды функциясын ығыстыруы әбден мүмкін. Себебі қазірдің өзінде AliExpress сияқты сауда алаңдары тұтынушының барлық салықтарын тікелей бюджетке аударып отырады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмриннің пікірінше, электронды сауда салық пен кеден саласындағы қарым-қатынастарды түбегейлі өзгертеді. Ол өзгерістер көп ұзамай, бізге де келеді.

«Мысалы, қазір AliExpress, WeChat, Ebay сияқты қызметтер бар. Олар айтады, кез келген тауар сатылғанда оның қайдан шыққаны, қандай бағамен келгені және тағы басқа көрсеткіштер электронды жүйеде көрсетіледі. Тауардың айналымы да белгілі. Электронды жүйеде салық та автоматты түрде есептеледі. Ал бәрі автоматты түрде болса, салық және кеден органдарының фискалды функциясы не үшін керек? Олардың айтуынша, бұл функцияны біз де атқара аламыз. Себебі электронды жүйе арқылы салықты есептеп, автоматты түрде бюджетке аударуға мүмкіндік бар. Менің ойымша, ондайда электронды сауда алаңдары біздің функциямызды жекешелендіріп алуы әбден мүмкін», - деді Ғ.Әмрин ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның айтуынша, цифрлық теxнологиялардың  дендеп енуі қағазбасты жұмыстан бас тартуға тура келеді. Декларация толтыру, салық төлеушілердің тізімін жасау, борышкерлердің қарызын өндіріп алу - бәрі-бәрі артта қалады. Электронды жүйе бәрін автоматты түрде жасайды.

«Біз оны әлі сезбей жүрміз. Мен өзім Қытайда болып, WeChat-тың жұмысын көрдім. Бізде де солай болады деп ойлаймын. Шынымды айтсам, өзім де қорқып кеттім...», - дейді Ғ.Әмрин.

Соңғы жаңалықтар