Электронды сауда алаңдарының көмегімен қазақстандық тауарлар экспортқа шығарылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Электронды сауда алаңдарының көмегімен қазақстандық тауарлар экспортқа шығарылмақ. Бұл жайында бүгін ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электронды сауда арқылы тауарларды өткізуді дамыту жоспарымыз бар. 2019-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында электронды коммерцияны дамыту жол картасы бекітілді. Ол негізгі үш бағытты қамтиды: электронды саудадағы экспортты ұлғайту; отандық кәсіпкерлерді электронды саудаға тарту және инфрақұрылымды дамыту; тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және электронды сауданы ілгерілету. Бүгінде электронды сауда алаңдарының көмегімен қазақстандық тауарларды экспортқа шығару мәселесі қарастырылып жатыр», - деді вице-министр ведомствоның Мемлекет басшысының таяудағы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, 28 тамызда ҚР Сауда және интеграция министрлігі ресейлік Wildberries компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Аталған келісім қазақстандық экспорттаушыларға электронды сауда арналарын пайдалану арқылы Ресей, ЕАЭО, Шығыс Еуропа нарықтарына шығуына жол ашады. Аталған компаниямен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қойма кешендерін құру туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізіліп отыр. Бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы логистикалық байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.



Соңғы жаңалықтар