«Электронды қылмыстық іс» қанша ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Мұхаран Әміров «Электронды қылмыстық іс» жобасын енгізудің басымдықтарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электронды қылмыстық іс» жобасы (е-ҚІ) инновациялық  технологияларды енгізу арқылы қылмыстық процестерді жеңілдету мен олардың мерзімін қысқартуға бағытталған. Цифрландыру саласындағы жаңа технологиялар уақытты үнемдеп, коммуникация мен басқарушылықты жеңілдетеді, сапаны жақсартып, шығындарды қысқартады. Бұл е-ҚІ-нің артықшылықтары болып табылады», - деді Әміров «Ашық диалог» порталындағы «Қылмыстық сот өндірісінің цифрландырылуы» атты интернет-конференциясы кезінде.

Ол өз сөзінде электрондық санкциялардың қызметі қарауылсыз-ақ ұсалғандарды онлайн-тәртіпте тұтқында ұстау түріндегі санкциялық шаралардың мәселесін реттеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Ал бұл өз кезегінде шығындар мен процессуалдық мерзімдерді қысқартуға жол ашып, ұсталғандардың қашып кету қаупін төмендетеді.

«Модуль бойынша алдағы уақытта қылмыстық процеске қатысушыларды SMS-хабарлама арқылы шақыру тетігі қарастырылған. Жүйе SMS-хабарлама арқылы тергеуші берген нөмірге хабар жіберуге қауқарлы. Қазақстанда жыл сайын 550 мыңға жуық қылмыстық іс қаралады. Бұл 2 миллион шақыру қағазы деген сөз. Оған айтарлықтай уақыт пен 10 тонна қағаз кетеді. Оның үстінде шақыруды жеткізу шығыны тағы бар», - дейді Мұхаран Әміров.

Ол сонымен қатар, тың жүйе қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтты.

«Өткен жылы 117 743 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олар үшін психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалар, өзге де мекемелерден қажетті өтінімдер үшін 100 мыңнан астам адам 100 мыңнан астам сағатты жұмсап, 2,5 тонна қағаз кетірді. Міне, сондықтан, жаңа жүйе бірқатар ресурстармен бірге 1 миллиард теңгені үнемдеуге жол ашады», - дейді Әміров.

Соңғы жаңалықтар