+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

«Электронды құжаттардың бірыңғай мұрағаты» ақпараттық жүйесі құрылады

2020 жылғы 24 қараша 16:39
Бөлісіңіз:
«Электронды құжаттардың бірыңғай мұрағаты» ақпараттық жүйесі құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде «Электронды құжаттардың бірыңғай мұрағаты» ақпараттық жүйесі құрылады. Бұл жайында Сенат депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Электронды құжаттардың бірыңғай мұрағаты» ақпараттық жүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақпараттық жүйені іске қосу мемлекеттік мұрағаттардың жұмысын толықтай автоматтандыруға және ҚР Ұлттық мұрағат қоры электронды құжаттарын ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Мұрағат-2025» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын жүзеге асыруды бастау 2020 жылға көзделген еді. Алайда, санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың жүзеге асырылуына байланысты шығыстардың артуына орай оны республикалық деңгейде қаржыландыру кейінге қалдырылды»,- деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының айтуынша, аталған кешенді жоспар өңірлік деңгейде Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде сканерлер, компьютерлер, серверлер, кондиционерлер сатып алынды. Жинақтар басылып шығарылды. Мұрағатқа арналған үй-жайлар жөндеуден өткізіліп, ғимараттар сатып алынды.

«Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Паводар облыстарының жергілікті атқарушы органдары кешенді жоспардың 2021 жылға арналған шараларына бюджеттік өтінімдер әзірлеп отыр», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT