Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 18 °С
USD 339.95 EUR 392.64
RUB 5.30 CNY 52.51
Жаңалықтар

Электронды күнделік білім сапасын арттыруға бағытталуы керек - Асқар Жұмағалиев

2018 жылғы 14 наурыз 13:29 1099
Бөлісіңіз:
Электронды күнделік білім сапасын арттыруға бағытталуы керек - Асқар Жұмағалиев

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге жұмыс сапарымен Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев келді. Білім, медицина, өндірістегі цифрландыру жұмыстарымен танысқан соң бірқатар тапсырмалар берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҰБТ-2018: Аудиторияларға ұялы байланыс сигналын тұншықтыратын жаңа қондырғылар орнатылды Қазақстандық түлектерге грант саны туралы ақпарат беріледі

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев таяуда ашылған мектептегі цифрландыру жұмысымен танысты. Ж.Тәшенов атындағы орта мектепте барлығы 600-ге жуық білім алады. Мұнда мұғалімдер электронды күнделікті пайдаланады. Дегенмен әлі күнге дейін қағаз журналдар қосымша жүргізіледі.

«Цифрландыру компьютер мен интернетті пайдаланумен шектелмейді, біз осы арқылы білім сапасын арттыруымыз керек. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, біз білім алу сапасын да арттыра аламыз»,- деді Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев.


Электронды күнделік білім сапасын арттыруға бағытталуы керек - Асқар Жұмағалиев

Ақтөбе қаласы бойынша мектеп мұғалімдері электронды күнделік пайдаланып жүр. Олар сабақ өткізіп, 5-10 минут уақытын балалардың білімін бағалауға арнайды. Дегенмен облыс білім саласына электронды күнделік енгізу жұмысын әлі дамытуы керек. Қазір облыс республика бойынша 12 орында тұр.

Электронды күнделік білім сапасын арттыруға бағытталуы керек - Асқар Жұмағалиев

«Ақтөбе қаласы бойынша барлық мектепте электронды күнделік енгізіліп жатыр. Наурыз айында барлығы іске қосылады. Қазір селолық округтердегі мектептерге интернет қосылып, мұғалімдер күнделікті толтыру жолдарын үйреніп жатыр»,- деді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

Ақтөбелік оқушылар мен ата-аналар электронды күнделік қосымшасын жүктеп, оқу үлгерімін оңай қарап отыра алады.

«Электронды күнделік баланың көңіліне емес, біліміне қарайды. Яғни, бала сол күні алған бағасын өзгерте алмайды әрі тоқсан аяқталған кезде «5» деген баға қойып, үздіктердің қатарына қоспаймыз. Қағаздан арылып, алдағы уақытта үй тапсырмасын да электронды түрде бере аламыз»,- деді мектеп мұғалімі Бәдегүл Төребекова. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат