Электронды еңбек шартының тиімділігі қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі енгізіледі.  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» жобасының мақсаты - халыққа көрсетілетін қызметтерін сапасын арттыру және азаматтарымыздың  жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай жасау», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, бірінші кезекте электрондық еңбек шарттарын енгізу жұмыскерлер үшін жұмысқа орналасу процесін жеңілдетеді. Жеке іс автоматты түрде қалыптасатын болғандықтан құжаттарды жинаудың қажеті болмай қалады.

«Жұмыс берушілермен өзара әрекет етудің осындай түрі, әсіресе жұмыс берушімен тікелей байланыссыз қашықтықта жұмыс істейтін және вахталық жұмыскерлерге ыңғайлы болады. Екіншіден, бұл жұмыс берушілердің жұмыскерлер алдындағы жауапкершілігін белгілеуге және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, Әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін жарналар мен аударымдарға жүргізілетін мониторинг арқасында әлеуметтік қатерден қорғауға мүмкіндік береді», - деді Нариман Мұқышев.

Соңғы жаңалықтар