Электронды еңбек биржасында жаңа өзгерістер болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Электронды еңбек биржасына жаңа функциялар енгізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру аясында электронды еңбек биржасы өз тиімділігін көрсетті. Осының нəтижесінде жұмысқа орналасу тәртібі екі есе азайып, жұмыс ашық жүргізіле бастады. Қазіргі таңда биржа қызметіне 98 мыңнан астам жұмыс беруші мен 486 мыңнан аса жұмыс іздеуші тіркелген. Сондай-ақ, 51 жұмыспен қамту жеке агенттіктері желіге қосылды.

«2018 жылы 533 мыңнан аса жұмыс іздеуші жұмысқа орналасты, оның ішінде 409 мың адам тұрақты жұмыс орынын тапты. 2019 жылы қызметкердің бейнесі мен еңбек келісім шартын порталға енгізу жоспарланған. Бұл қағаз бастылықты азайтады әрі архивтегі деректерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді», - деді Д.Абаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың нәтижесі бойынша есеп берді. Осы орайда Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев цифрландыру аясында мемлекеттік органдардың өзара байланысын күшейтіп, ақпараттық теxнологияларды қолдануды талап ететін нормаларды тездетіп бітіруді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар