«Электронды денсаулық сақтаудың» эстондық үлгісінен Қазақстан не үйрене алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстония президентінің бұрынғы кеңесшісі Мадис Тиик ХІ Астана экономикалық форумында Эстонияда электронды денсаулық сақтау жүйесі қалай енгізілгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір неге денсаулық сақтау саласын электронды түрде басқару жүйесі туралы айтып отырмыз. Мен бұл ретте эстондық денсаулық сақтау саласы туралы айтып өткім келеді. Бізде бірден-бір сақтандырудың ұлттық жүйесі қалыптасқан. Бірақ, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсететін барлық компаниялар жекеменшік болып табылады. Осылайша, бізде денсаулық сақтау - мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестікке негізделген. Аталған жүйе ашық әрі тиімді болуы тисі. Біздің ойымызша, дәл осындай жүйенің іргесін қалай білген секілдіміз», - дейді Мадис Тиик.

nullОның айтуынша, Эстония - Еуропадағы электронды денсаулық сақтау жүйесін енгізген алғашқы мемлекет болып табылады.

«Біз бұл белеске қалай жеткеніміз туралы айтайын. Алдымен цифрландырудың басталғанына қайтып оралайық. Бұл - жақсы әрі тиімді қызметтерді көрсетуге бағытталған алғашқы қадам. Бізде барлық ауруханаларымызда медициналық мәліметтердің бәрі жинақталған. Бұл мәліметтердің бәрі жабық. Ешкіммен бөлісілмейді. Екінші кезең - интеграция. Бұл ұйымдар мен секторлар арасындағы байланыс. Мәселен, құқық қорғау органдарынан жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтаманы ауруханадан алу керек. Демек, екі органның интеграциясының маңызы зор. Біз осы жағын ретке келтірдік», - дейді ол.

nullМадис Тиик өз сөзінде электронды денсаулық сақтау жүйесінің негізгі элементтері туралы айтып берді.

«Эстонияда ауруханалар арасында медициналық мәліметтердің қауіпсіз түрде берілуі жолға қойылған. Медициналық мәліметтер ең алдымен азаматтардың өзіне тиесілі. Осы ретте Эстонияда медициналық мәліметтерді тек медициналық ұйымдар ғана бір-бірімен бөлісе алатыны туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге, ұлттық басқарушылық реттелді. Сіздер (Қазақстан - авт.) электронды денсаулық сақтау жүйесіне қарай бет алып барасыздар. Мен сіздерге жұмысты электронды жүйеде басқаруды ең бірінші орынға қоюға кеңес берер едім», - дейді ол.

Ол өз сөзінде электронды денсаулық сақтау жүйесі Эстонияда 2009 жылдан бері сәтті жұмыс атқарып жатқанын айтты.

«Сонымен қатар, адамдар өз денсаулығына қатысты шешім қабылдайтындай жұмыс жүргізу керек. Бұл - біз назарға алуға тиіс шарт. Электронды денсаулық сақтау жүйесінде олардың өміріне келешекте қандай өзгерістер енетінін түсіндіруіміз керек. Бұл өзгерістер біз қалаймыз ба, жоқ па - бәрібір енеді. Денсаулық сақтау саласы - цифрландырудан тыс жерде қалмайды. Денсаулық сақтау саласының барлық мамандары бұнымен бетпе-бет келеді. Екінші жағынан, бұл денсаулық сақтау саласындағы бизнес-моедльдерге мүмкіндік ашады», - деп түйді ол. 

Соңғы жаңалықтар