+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Электронды денсаулық паспортындағы мәліметтер қалай қорғалады

2019 жылғы 15 қазан 14:00
Бөлісіңіз:
Электронды денсаулық паспортындағы мәліметтер қалай қорғалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев пациент құпиясы кибершабуыл мен хакерлерден қалай қорғалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда электронды денсаулық паспорты іске қосылды

«Ақпараттық қауіпсіздікке келер болсақ, цифрландыру жүйесі қолға алынбай тұрып қағаз түріндегі амбулаториялық карталар мен жазбалар болған. Ол кезде медициналық мәліметтің құпия сақталатыны туралы ешкім кепілдік берген жоқ»,- дейді вице-министр.

Ол цифрландыру жүйесі қолға алынғанға дейін кез келген еден жуушы, техникалық қызметкер науқас туралы кез келген мәліметті көріп, дәрігер жазбасымен танысып, тіпті суретке түсіріп алу мүмкіндігі болғанын айтты.

«Ал цифрландыру деңгейінде бізде қауіпсіздік бойынша 99,6% алтын стандарт сақталады. Сондай-ақ, біз Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірігіп, пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Ай сайын ақпараттық қауіпсіздік бойынша өзіміздің ішкі құрылымда да, сыртқы құрылымда да тексеру жүргіземіз»,- дейді Олжас Әбішев.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде электрондық денсаулық паспорты енгізілгенін жазған болатынбыз.

Автор: Зарина Қаһарман

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT