+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Электронды цифрлық қолтаңбаны смартфонға жүктеуге болады

2019 жылғы 19 шілде 14:37
Бөлісіңіз:
Электронды цифрлық қолтаңбаны смартфонға жүктеуге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жақында қазақстандықтар электрондық цифрлық қолтаңбаны смартфонға жүктей алады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылдан бастап ЖОО-ға құжат тапсыру қажет болмайды Теңіз кемелеріне қатысты тіркеу шаралары оңтайландырылды Цифрлық Қазақстан: Білім беруде қандай жобалар іске асырылды

«Біз бүгінде азаматтарға цифрлық қолтаңбаны алуын жеңілдету бойынша жұмысты жүргізудеміз. Осы орайда, электронды цифрлық қолтаңбаны мобильдік қосымша арқылы беруді іске асырмақпыз. Менің ойымша, бұл жұмыс екі-үш айда жүзеге асырылады», - деді А. Оспанов Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, ведомствода тұрғындардың Халыққа қызмет көрсету орталығына бармастан, цифрлық қолтаңбаны алуы мүмкіндігін ұсыну бағытында жұмыстар атқарылуда.

«Егер де қолтаңбаны телефонға орнатсаңыз, біз тиісті мүмкіндіктерді жасаймыз», - деді вице-министр.

Абылайхан Оспановтың айтуынша, электронды цифрлық қолтаңба автоматты түрде барлық қызметтерді қамтиды.

Айта кетейік, бүгінде елімізде қызметтердің 72 пайызға жуығын электронды форматта алуға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT