Электронды цифрлық қолтаңбаны алу телефон камерасы арқылы қолжетімді
2022 жылғы 24 сәуір 12:42

Электронды цифрлық қолтаңбаны алу телефон камерасы арқылы қолжетімді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 сәуірден бастап EGov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін Digital ID қызметі компьютер камерасын қосу қажеттілігінсіз қолжетімді болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер компьютерде камера болмаса немесе камера жұмыс істемесе, бейне тексеру сервисі - Digital ID пайдаланушыларға QR-кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтан алуға мүмкіндік береді», - делінген egov.kz-тің Іnstagram-дағы парақшасында.

Қызметті пайдалану үшін:

• авторизация бөліміне өтіңіз;

• «Digital ID» авторизациялау тәсілін таңдаңыз;

• «Digital ID көмегімен кіру» түймесін басыңыз;

• телефон нөмірін және растау кодын енгізіңіз;

• телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR кодына апарыңыз;

• бейне тексеруден өтіңіз.

Атап айтқанда, бейне тексеруден кейін, өз компьютеріңізде ЭЦҚ алуды жалғастыра аласыз.

«Бейне тексеру сервисі - Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде QR-кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өту мүмкіндігін береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді», - делінген EGov.kz порталында.

«ЭЦҚ шығару eGov.kz порталында өте танымал сервис, тек осы жылдың өзінде оны 4,8 млн рет мемлекеттік қызметтерді алу үшін жасаған. Біз азаматтардан көбінесе компьютерде камера жоқ немесе жұмыс істемейді деген пікір аламыз. Бұл өзгерістер ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін жеңілдетеді және ыңғайлы етеді»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT