Электр жылытқыш пайдаланатын тұрғындар нені ескеруі керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Еркін Отарғалымұлы үйді жылыту үшін электр құрылғыларды пайдаланған тұрғындар нені ескеруі керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Қазіргі құбылмалы ауа райы кезінде тұрғындардың көбі электр жылытқыш пайдалана бастайды. Бүгінгі таңда өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес электр жылытқышты пайдалануға тыйым салынбаған. Алайда аталған оларға қойылатын бірқатар талап бар. Біріншісі, олар міндетті түрде зауытта жасалуы тиіс. Яғни қолдан жасалған жылытқыш құралдарды, жылыту қондырғыларын пайдалануға тыйым салынады», - деді ТЖД апат қаупін азайту мен азаматтық қорғаныс саласын бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы елорда әкімдігіндегі онлайн брифинг барысында.

Оның айтуынша, аталған жылытқыштардың, яғни майлы радиаторлардың жылуды реттегіші болуы тиіс.

«Тұрғындар жылыту құралдарын, әсіресе электр жылытқыш пен қондырғыларын пайдалана бастаған кезде үйдегі электр желілеріне қосымша қысым түседі. Ал үйдегі электр желілері жарамсыз күйде болса, сымдардың оқшаулағыш қабаттары бұзылса, электр сымын монтаждау кезіндегі кемшіліктер түзелмесе – олар қызып, арты қысқа тұйықталуға әкеп соғуы мүмкін. Бұл да - өрт шығуының басты себептерінің бірі. Осы орайда айтарым - аталған мәселелерге мән беріп, үйдегі электр желілерін тексеру керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар