+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Электр желілерінде тірек апаттары жиілеп кетті - министр

2021 жылғы 18 мамыр 10:28
Бөлісіңіз:
Электр желілерінде тірек апаттары жиілеп кетті - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Сауда және интеграция министрліктері электр желісі тіректерінің сапасына қойылатын талаптарды қайта қарауды өтінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысының тұтынушыларына жылу үшін алынған 5 млн теңге қайтарылады Президент тапсырмасы: Екібастұзда көмір өндірісінің көлемі азайтылады Маңғыстау облысын сұйытылған газбен қамтамасыз етуде іркілістер болмайды

Нұрлан Ноғаев мұндай өтінішті әріптестеріне Үкімет отырысы кезінде айтты.

«Биыл 13 наурызда мұзды жаңбыр мен екпінді желдің кесірінен электр сымдары мұзданып, «KEGOC» акционерлік қоғамына тиесілі электр беру желісінің 243 тірегі және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-не тиесілі электр желісінің 5270 тірегі құлады. Соның салдарынан Түркістан облысының 83 елді мекені электрсіз қалды», - деген ведомство басшысы соңғы жылдары электр желісінің бойындағы діңгектерден жиі ақау шыға бастағанын проблема етіп көтерді.

«Соңғы жылдары табиғат құбылыстарының салдарынан Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілері жалғанған темірбетон тіректердің бүліну жағдайлары жиілеп кеткенін атап өткім келеді. Осыған байланысты, электр желілерінің қолайсыз табиғи-климаттық әсерлерге сенімділігі мен төзімділігін арттыру үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Сауда және интеграция министрліктеріндегі әріптестеріме электр желілерінің тіректері мен олардың конструкциялық элементтерінің сапасына қойылатын қолданыстағы стандарттар мен басқа да нормалардың талаптарын қайта қарау туралы өтініш білдіргім келеді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT