Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Электр самокаттарына қатысты жол-көлік оқиғалары артып келеді

2022 жылғы 14 маусым 13:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл сайын электр самокаттарына қатысты жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы самокаттарға қатысты 68 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Егер электр самокаттарын көлік құралы ретінде енгізсек, онда жолдағы қозғалыс туралы заңнамаға, жол ережесіне өзгерістер енгізе аламыз. Сонымен қатар кодексте тиісті жауапкершілікті қарастырамыз. Әзірге, адамдар самокаттармен жалпы талаптар бойынша қозғалып жүр», - деді Ж.Мұратәлиев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл электр самокаттарына қатысты жол-көлік оқиғаларының саны артқан.

«2022 жылы 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Себебі мұндай самокаттар саны күрт артып отыр. Сондықтан оларға қатысты жол-көлік оқиғаларының да артуы түсінікті. Қазіргі кезде Алматыда электр самокаттары жиі пайдаланылады», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда электр самокаттарды пайдаланудың ұлттық стандартының жобасы әзірленді.

Аталған стандарт самокаттардың жылдамдығы мен басқа да қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін реттейді. Осы орайда бұл құрылғыларда міндетті түрде жарық шамдарының болуы сияқты талаптар ескеріледі.

Осы стандарттың аясына жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын электр самокаттары қамтылады.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары