Электр қуатын тарататын ұйымдардың саны қысқарады - Қанат Бозымбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда электр беруші компаниялардың санын барынша азайту жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, еліміздің барлық өңірінде энергия беруші ұйымдарды ірілендіру жұмыстары жалғасуда. Соңғы екі жылда олардың саны 162-ден 152-ге қысқарған.

«Соның ішінде 5 мемлекеттік кәсіпорын жойылды. Жалпы ұзындығы 2 350 шақырым иесіз желілер 1 336 шақырымға азайды. Нәтижесінде 2023 жылға қарай энергия беруші ұйымдардың саны 110-ға қысқарады және осы жылы иесіз желілер мен коммуналдық электр беруші ұйымдар толығымен жойылатын болады», - деді Қ.Бозымбаев бүгін азаматтық қоғам өкілдерімен болған кездесуде.

Айта кетейік, бүгінгі шарада министр Еуразиялық экономикалық одағында ортақ энергетикалық нарықты құруға арналған xаттаманың рәсімделетінін мәлімдеді. Аталған шара ЕАЭО туралы келісімшарттың бес жылдығына орай ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, министр «Сарыарқа» құбырымен келетін газды үйге дейін жеткізу шаралары туралы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар