+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Электр энергиясына сараланған тариф енгізіле ме – бірінші вице-премьер жауабы

2019 жылғы 4 желтоқсан 12:31
Бөлісіңіз:
Электр энергиясына сараланған тариф енгізіле ме – бірінші вице-премьер жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда электр энергиясына сараланған тариф енгізілмейді. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдің жауабында айтылған, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АИИБ мен ҚР Энергетика министрлігі меморандумға қол қойды Келесі жылы елорда аудандары газбен қамтылады Исекешев, Рау, Бақауов: Қазақстандағы алғашқы энергия үнемдеу саласындағы марапат иегерлері анықталды

«Электр энергиясы туралы» ҚР заңына сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарында сараланған тариф, оның ішінде тәулік мерзімі бойынша енгізілген болатын. Тариф қолданыста болған кезде республикадағы электр энергиясын тұтыну құрылымы өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Нақты айтқанда, электр энергиясын түнде пайдалану 0,5 пайызға артып, ал кешкі уақытта пайдалану 1,2 пайызға төмендеді. Тариф құрылымына сәйкес түнгі уақыттағы электр энергиясының құны өзіндік құнынан төмен болды. Бұл энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың шығынға батуына алып келді. Бұл шығындар өздерінің технологиялық процестерін өзгертіп, түнде электр энергиясын пайдалану үлесін арттыра алмаған тұтынушыларға әсерін тигізді», - деді бірінші вице-премьер.

Оның атап өтуінше, 2014 жылы ҚР Премьер-Министрінің өңірлерге сапары барысында дәл осы мәселеге қатысты шағымдар өте көп болды. Осыған байланысты 2017 жылы «Электр энергиясы туралы» заңға өзгетулер енгізіліп, сараланған тариф жойылды.

«Атап өтерлігі, осы өзгерістердің нәтижесінде тұтынушылар үшін электр энергиясының құны екі еседен астамға төмендеді. Бұған қоса, «Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, тарифтердің жойылуы атмосфераға ластаушы заттардың іс жүзіндегі шығарындыларының артуына түрткі болған жоқ. Осылайша, тәулік мерзімі бойынша электр энергиясына сараланған тарифті қайтару мақсатқа сай келмейді», - деді Роман Скляр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT