+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Электр энергиясына 1 теңге қарыз болса, жарықтан ажыратыла ма

2020 жылғы 26 ақпан 15:26
Бөлісіңіз:
Электр энергиясына 1 теңге қарыз болса, жарықтан ажыратыла ма

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Электр энергиясы үшін 1 теңге қарызы бар қазақстандықтар жарықтан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастықтың түсіндіруінше, 2020 жылғы 24 ақпанда ҚР Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің №43 бұйрығы күшіне енді, ол электр энергиясын пайдалану ережелеріне қатысты түзетулерді бекіткен.

Жаңа талаптарға сәйкес, тұтынушы электр қуаты үшін ақыны уақытында не толық төлемесе, электр тұтыну режімін бұзса және оны жою туралы талаптарды белгіленген мерзімде орындамаса энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электр қуатын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға құқылы.

«Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға электр энергиясын өшіру үшін кемінде 5 жұмыс күні бұрын электрондық поштамен, факс арқылы, поштамен, мультимедиалық хабарламамен не қолданыстағы мессенджерлер арқылы ескерту хабарламасын жібереді», - делінген хабарламада.

Бұрын осы ережелерге сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыны өшіру туралы хабарламамен танысқаны туралы жазбаша растауды алуы тиіс болатын, енді жоғарыда көрсетілген тәсілдермен хабарламаны жіберуді тіркеу ғана қажет.

Сондай-ақ, сөндірілген жағдайда қайта қосылу құны пәтерде тұратын жеке тұлғалар үшін - 6 730 теңге, жеке үйде тұратын жеке тұлғаларға 10 115 теңге, заңды тұлғаларға – 11 606 теңге.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес тұтынылған электр қуаты үшін дебиторлық берешекті өндіріп алу нотариустардың қарамағына берілді. Атқару жазбасын жасағаны үшін шығыстар 1,5 АЕК (3 977 теңге), 200 мың теңгеден астам берешек болған жағдайда – берешек сомасының 3%- ын құрайды. Сотқа талап арыз берген жағдайда берешек сомасының 3% мөлшерінде сот шығындарын төлейді.

Сонымен қатар, электр энергиясын қайта қосу 2 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT