Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Электр энергиясы нарығындағы кемшіліктер белгілі болды

2022 жылғы 29 наурыз 14:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы үш жылда электр энергиясын өндіру 7% өсті. Өсімнің оң серпіні жаңа қуаттарды құрмай жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғырту есебінен қалыптасты. Бұл ретте, өндіріс көлемінің ұлғаюы мемлекет қатысатын станцияларды жаңғыртудан кейін орын алды және тиісінше, негізгі инвестор мемлекет болып отыр», - деді Р. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның пайымыншща, бағаны реттеу жағдайында нарықтың дамуы, жаңа дәстүрлі станциялардың пайда болуы, жеке инвестициялардың ағыны болмайды.

«Бұл нарықты қайта реттеу, нарықтық баға белгілеуге кезең-кезеңімен көшу және көтерме әрі бөлшек буынды монополиясыздандыру жағдайында жеке инвестицияларды тартуға бағытталған электр энергиясын өндіру нарығын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу мен іске асыруды талап етеді. 90-жылдары басталған нарықты ырықтандыру аяқталған жоқ. Электр энергиясын өндіру нарығы жоғары шоғырланған күйінде қалып отыр. Нарықтың негізгі 4 қатысушысының үлесі – «Самұрық – Энерго» АҚ, «ОАЭК» АҚ, «ERG» AO, «ҚКЖ» ЖШС – 69% құрайды және олар тік интеграция форматында жұмыс істейді», - деді агенттік өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, станция ресурстарына және электр энергиясын беру қызметтеріне қолжетімділікті шектей отырып, аталған топтар өңірлік бөлшек сауда нарықтарын толығымен жапты. Олар бір-бірімен бәсекелеспейді. Сонымен қатар, олар тұтынушыларға шығын келтіре отырып, өз станцияларынан қымбат энергия алады. Нарықтың 99%-ы тікелей шарттар бойынша жұмыс істейді.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары