Электр энергиясы мен азық-түлік бағасының өсуі АҚШ-тың инфляциясына әсер етті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украинадағы соғыс пен Қытайдағы карантин салдарынан энергия мен азық-түлік бағасының күрт көтерілуі АҚШ-тағы инфляция деңгейін 8,5 пайызға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Наурыз айында АҚШ-та тұтыну бағасының өсімі 8 пайызды құрады, бұл – энергия мен азық-түлік бағасының көтерілуінен пайда болған 1981 жылдан бергі ең жылдам қарқын. Қалыптасқан ахуал Федералды резерв жүйесін инфляциямен күресу үшін түбегейлі шаралар қабылдауға итермеледі.

Тұтыну бағасының индексі наурыз айында өткен жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға өсті. Бұл ретте ай сайынғы өсім 1,2 пайызды құрады, бұл - 2005 жылдың қыркүйегінен бергі ең жылдам өсім.

Азық-түлік және энергия сияқты бағасы құбылмалы тауарларды қоспағанда, тұтынушылық бағалардың негізгі индексі наурызда 0,3 %-ға өсті.

Әлемдегі ең ірі экономикада инфляция бұрынғыдан да күшейе түседі деген қауіп АҚШ орталық банкін соңғы апталарда қаржы-несие саясатын қатаңдатуда неғұрлым агрессивті тәсілді қолдануға итермеледі. Орталық банк те жақын арада балансын 9 триллион долларға қысқартуды бастайды. ФРЖ басшысы Лаэль Брейнард бұл процесс маусым айында қолға алынатынын және мөлшерлеменің көтерілуімен бірге ФРЖ саясатын уақыт өте бейтарап ортаға әкелетінін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар