Электр энергетикасын дамытуға 67 млрд. теңгенің 36 инвестициялық келісіміне қол қойылды

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Электр энергетикасын дамытуға 67 млрд. теңге көлеміндегі 36 инвестициялық келісімге қол қойылды.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Энергетика және минералдық  ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Электр энергетикасы секторының инвестициясын ынталандыру үшін энергия көздері тобы бойынша біз 2015 жылға дейін электр энергиясының бағасын сатылап көтерудің бағдарламасын қабылдадық. Бұл шаралар қазірдің өзінде, яғни биылғы дағдарыстық жылда стансы иелерімен 67 млрд. теңге көлемінде жеке инвестиция салуға 36  инвестициялық келісім жасауға мүмкіндік берді», деді министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстан  электр энергиясы біршама қымбат емес елдің бірі болмақ. Электр энергиясының бағалары секторға жеке инвестиция тартуға мүмкіндік беруі тиіс.

Соңғы жаңалықтар