Электр бағанына шыққан ақмолалық жұртты дүрліктірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ер адам жоғары кернеулі электр бағанына шығып, сүйіктісіне өзінің сезімін білдірмек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба осыдан бірнеше күн бұрын түсірілген көрінеді. Әлеуметтік желі қолданушылардың пікірлеріне қарағанда оқиға Щучинск қаласындағы Степан Разин және Боровской көшелерінің қиылысында орын алған.
Электр бағанының басына шығып, «Мен сені сүйемін» деп жар салған ер адамның ерсі қылығын әлеуметтік желі қолданушылар сүйіктісіне жасаған тосын сый деп жатса, енді бірі арақтың қызуы, тіпті біреулері суицид жасауға әрекеттенді деген болжам айтуда.
Алайда, куәгерлердің сөзінше, ер адам біраз уақыт өткен соң аман-есен электр бағанынан түсіп, өз жайымен кеткен.

🔞🔞🔞🔞🔞сегодня Степана Разина -Боровская Пытался спрыгнуть из за девушки, всё обошлось без жертв, со слов очевидцев слез и убежал

A post shared by schuchinsk_life (@schuchinsk_life) on Mar 23, 2018 at 10:07am PDT

Соңғы жаңалықтар