+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Елдос Сметов - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

2021 жылғы 24 шілде 16:22
Бөлісіңіз:
Елдос Сметов - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

ТОКИО. ҚазАқпарат -Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Astana Open: Анна Данилина тартысты матчта есе жіберді Футзалдан ӘЧ: ҚР Президенті Қазақстан құрамасын жартылай финалға шығуымен құттықтады Атырауда 10 шақырымдық қайырымдылық марафоны өтеді

60 келі салмақта сынға түскен Елдос қола үшін жекпе-жекте Нидерланд өкілі Торние Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын иеленді.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленді.

Еске сала кетсек, Елдос Сметов жартылай финалдық айқаста жапондық Наохисе Такатоға жол берді.

Айта кеткен жөн, Елдос 2016 жылғы Олимпиадада дәл осы салмақта күміс жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар Әлем чемпионы (2015), Азия ойындары мен чемпионатының жеңімпазы. Ал Наохиса Такато Бразилияда өткен төрт жылдықтың басты бәсекесінде қоланы қанағат тұтқан болатын.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT