Елдос Сметов «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері атанды

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Дзюдошы Елдос Сметов «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Бүгін Парижде (Франция) дзюдодан рейтингілік Grand Slam турнирі басталды.
«Дзюдошы Елдос Сметов осы бәсекеде қола жүлдегер атанды», делінген федерацияның Facebook-тегі парақшасында.
Елдос Сметов жартылай финалға дейін Мохаммед Рашнонужадты (IJF), Янислав Герчевті (Болгария), ширек финалда Дашдава Амартувшинді (Моңғолия) жеңді. Алайда, отандасымыз жарыстың жартылай финалында ресейлік Яго Абуладзеге жол берді.
Қазақстандық дзюдошы жарыстың қола жүлдесі үшін оңтүстік кореялық Ким Вон Джуинмен кездесті.
Аталған жарыстың бірінші күнінде ерлер 60, 66, 73 келі, әйелдер 48, 52, 57 және 63 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетерлігі, осыған дейін аталған турнирде ел намысын кімдердің қорғайтыны туралы жазған болатынбыз.
- Теннисші Александр Бублик рейтингіде 45-орынға көтерілді
- Үстел теннисінен Қазақстан чемпиондары анықталды
- ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді
- Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр
-
«Канелоның» қулығы әшкереленіп, одан Головкинмен жекпе-жек өткізу талап етілді
-
Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам