Елдос Сметов Будапештегі Гран-при турнирінде «алтын» алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат​ - Қазақстандық Елдос Сметов Будапеште дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов (-60 кг) пен Елдос Жұмақанов (-66 кг) финалға дейін қарсылас шақ келтірген жоқ.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Е.Сметов жартылай финалда Нидерланды елінің өкілі Торнике Цжакадоеаны ұтты. Ал Е.Жұмақанов испаниялық Гайтеро Мартин Альбертоны уақытынан бұрын, таза жеңді.

Қос қазақстандық спортшының финалдағы қарсыластары моңғол балуандары еді. Е.Сметов соңғы бәсекеде қарсыласын ұтып, алтын алды. Е.Жұмақанов сәл кейін татамиге шығады.

Аталмыш додаға әлемнің 82 елінен 550-ге жуық дзюдошы қатысуда. Қазақстаннан 16 спортшы барса, соның 12-сі - ерлер.

Әйелдер арасында қазақстандықтар Анна Казюлина (-52 кг) мен Севара Нишанбаева (-57 кг) жарыс жолынан ерте шығып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметов бастаған дзюдошылардың Будапешт турнирінде бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар