+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Елдос Рамазанов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болды

2019 жылғы 14 ақпан 10:43
Бөлісіңіз:
Елдос Рамазанов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Елдос Рамазанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы бүгін primeminister.kz хабарлады.

Е. Рамазанов 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, ұлттық компанияларда жұмыс істеген.

2004-2006 жылдары - Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің аппарат жетекшісі қызметтерін атқарған.

2018 жылғы ақпаннан бастап «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» ЗТБ төраға кеңесшісі, бас директор лауазымдарын атқарған. 2018 жылғы маусымда «Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ бас хатшысының орынбасары болып тағайындалған.

2018 жылғы қазан айынан бастап - «Дзюдо федерациясы» РҚБ вице-президенті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT