Елдің тұрғын үй қорының 35 пайызы ауылдарда шоғырланған

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауылдарда тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі бағыттар ескерілмеген. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Шайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылдарда тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар ескерілмеген. Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне қарағанда, Қазақстанда халықтың 41 пайызы немесе 7,8 млн адам тұратын 6 293 ауыл бар. Сонымен бірге, ауылдарда елдің тұрғын үй қорының тек 35 пайызы немесе 137,5 млн шаршы метрі шоғырланған», - деді С. Шайдаров Сенаттағы Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, ауылдың бір тұрғынына шаққанда тұрғын үй аумағы жалпы ауданы 19,8 шаршы метрден келсе, ал бір қала тұрғынына 25,5 шаршы метр тиесілі, яғни 1,3 есе көп.

«Бұл ретте мұндай алшақтық тек ұлғаятын болады, өйткені бүгінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалық құжаттарда ауылдарда тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі бағыттар жоқ», - деді сенатор.


Соңғы жаңалықтар