Елдің солтүстігі мен шығысында  2 градусқа дейін үсік жүреді
2022 жылғы 15 тамыз 16:32

Елдің солтүстігі мен шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігі мен шығысында 2 градус үсік жүреді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Алдағы тәуліктерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Аптаның ортасына қарай температуралық фон біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2°с-қа дейін үсік күтіледі», - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT