Елдің басым өңірінде құбылмалы күн райы сақталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 қазан күні Солтүстік Батыс циклонның оңтүстік-шығыс бағытқа ығысуына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады.

Кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік пен орталықта жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Оңтүстік пен солтүстік-шығыста сенбі жауын-шашынсыз өтеді. Республика бойынша жекелеген өңірлерде тұман, екпінді жел, бұршақ болжанады. Оңтүстікте түнде үсік жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, түнде Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында 1-3 градус үсік күтіледі. Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында тұман болжанады.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, түнде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с артуы мүмкін.

Атырау облысының жекелеген аумақтарын тұман басып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болжанады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең найзағай болады.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с артады.

Сондай-ақ Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар