Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 14 тамыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Күндіз бұршақ жауады.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с артады. Түркістан облысының жекелеген аумақтарында дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Павлодар, күндіз Қостанай облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз кей жерлерде бұршақ болжанады.

Алматы облысының кей жерлерінде 17-22 м/с екпінде жел тұрып, оған шаңды дауыл қосылады.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар