+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Елдің аймақтарында көпбалалы отбасылар шағын бизнес ашып жатыр – Ерлан Әукенов

2020 жылғы 16 қаңтар 00:30
Бөлісіңіз:
Елдің аймақтарында көпбалалы отбасылар шағын бизнес ашып жатыр – Ерлан Әукенов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Алматы облысына және Алматы қаласына жұмыс сапары барысында азаматтардан атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттарды қабылдау барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені ашылды

Вице-министр өз бағдарламасын Талдықорған қаласындағы жұмыспен қамту орталығына барудан бастады, онда АӘК тағайындауға өтініш білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау барысымен және жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етуге дайындығымен танысты.

ХЖҚО басшылығы халыққа қызмет көрсететін 16 терезенің 6-уы тек көпбалалы аналарға арналғанын айтты. Жалпы, 5 қаңтардан бастап өңірде атаулы әлеуметтік көмек алуға 1020 өтініш келіп түскен.

Жұмыс сапары барысында Е.Әукенов «Жанұя» қиын өмірлік жағдайда жүрген көпбалалы аналар мен адамдарды қолдау орталығымен танысты.

Вице-министрдің айтуынша, бұл мекеме ҚР Президентінің еліміздің барлық қалаларында осындай ұйымдарды ашу туралы тапсырмасының орындалуына мысал. Сонымен қатар, «Жанұяға» көпбалалы аналардың өздері жұмысқа орналасты. Мекемеде «бір терезе» қағидаты бойынша кеңес береді. Өтініш берушілердің көпшілігі тұрғын үй мәселелері бойынша өтініш білдіретіндіктен, мұнда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» мамандары тартылған.

«АӘК табысы аз азаматтардың мәселелерін шешуге бағытталған. Бұл ретте, еңбекке жарамды азаматтар жұмыс істеуге тиістігін айта кету керек. Еліміздің табысы аз азаматтарын әлеуметтендіру өте маңызды. Егер мамандық болмаса-біз оқытамыз, жұмыс ұсынамыз, грант немесе микрокредит алуға, жеке ісін ашуға көмектесеміз. Әр аймақта көпбалалы және табыс аз отбасылар шағын бизнес: біреу шағын тігін салоны, ал біреу өндірістік цех ашқан», – деп атап өтті Ерлан Әукенов.

Сондай-ақ, вице-министр Талдықорғанда Алматы облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен жаңа форматтағы АӘК тағайындау және табысы аз отбасылардағы балаларды кепілдік берілген әлеуметтік топтамалармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.

Сонымен қатар, Әукенов Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында болды. Онда ол қатысушыларға АӘК көрсетудің жаңа тәсілдерін түсіндірді. Өз кезегінде ХЖҚО қызметкерлері АӘК алушыларды Нәтижелі жұмыспен қамтуды жаппай және кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына белсенді түрде тартатынын атап өтті.

Шартты ақшалай көмек тағайындалған және еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасылардың 9,1 мыңы өз бетінше жұмысқа орналасты, ал 1 мыңы әлеуметтік келісімшарттарға қол қойды. Сонымен қатар, өткен жылы «Бастау бизнес» жобасы аясында 617 көпбалалы отбасы 505 мың теңге көлемінде грант алды.

Сондай-ақ, қалада тегін курстарда оқыту белсенді жүргізілуде. Өтініш берушілер арасында ең танымал мамандықтар – есепші, аспазшы, тігінші, автоэлектрик, автобус жүргізушісі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT